Құрметті Исатай ауданы әкімідігінің сайтын пайдаланушылар!
 
       Сіздерді Исатай ауданы сайтында қарсы алуға қуаныштымын.
       Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан Атырау облысының Исатай ауданы 80 жылдам астам терең тарихы бар, мәдениеті мен өнері тамырлы, қазба байлықтары мол киелі өлке.
      Тәуелсіздік жылдарындағы елдің алтын бесігі – ауылдың тыныс – тіршілігі мен тұрмысы, қасиетті Нарын қойнауындағы ежелгі ата кәсіп – мал шаруашылығының өсіп өркендеуі, нарықтық қатынастың жаңа көрінісі – шағын және орта бизнестің қанат жаюы жолында мемлекеттік деңгейдегі шаралар кеңінен қолға алынып, мұнай өнеркәсібі дамып келе жатқан өндірісті-аграрлы аудан болып табылады. Ауданымыздың басты байлығы – мұнай.
      Ауданның атқарушы мемлекеттік органдары елмен бірге біте қайнасып, қай кезеңде де халық мүддесі үшін қызмет етуде. Сайтта осы құрылымдар мен олардың қызметі жайлы мағлұмат беріліп отыр.
Бүгінгі күні халықтың еркін ақпарат алуын қамтамасыз ету демократиялық, ашық қоғамның бірден-бір міндеті. Осы мақсатта ашылып отырған аудан әкімдігінің сайты - халықпен бірлесіп жұмыс жасауға, көпшіліктің ұсыныстарын ескере отырып, шешімдер қабылдауға, сайып келгенде ауданымызыдың жан-жақты дамуына қызмет жасайды деп сенемін.
 
      Аудан туралы ақпараттар жиынтығы үнемі толықтырылып және жаңартылып отырады.
 
     Исатай ауданының әкімі  Бақберген Қасымұлы Қарабаев 
 
 
Исатай ауданының картасы
      Ауданның негізі 1928 жылы құрылған. Атырау облысының батыс бөлігінде орналасқан. Каспий теңізінің солтүстік жағалауын жиектеп, Нарын құмының қойнауына сұғына енген. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Махамбет ауданымен, ал батысында Құрманғазы ауданымен шектеседі. Жер аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 165 км, ал батыстан шығысқа қарай 130 км. ауданның жалпы аумағы 1478 шаршы км. , оның ішінде тыңайған жер – 0,447, шабындық жер – 13,5 жайылым – 1231, басқалай жер қоры – 819 км. Аймақ жері жазық, Каспий жағалауына орналасқан. Шөлейтті, жазық, топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ. .
Аудан орталығы Аққыстау селосында орналасқан, оның негізі 1973 жылы қаланды. Атырау қаласынан солтүстік батысқа қарай 70 км жерде. Аудан аумағымен «Атырау-Астрахан» темір жолы, «Атырау-Астрахан» автомобиль жолы, «Қиғаш-Атырау-Өзен» су құбыры өтеді.
Аудан құрамында 7 селолық округ, 6 село, 1 ауыл, 19 елді мекен бар. бар. Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы. Ауданның жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың ең негізгісі мұнай болып саналады. Ауданда «Жайықмұнайгаз» басқармасы, «Сазанқұрақ», «Прикаспиан Петролеум», «Потенциал Ойл», «Жанбай», «СветландОйл» ЖШС-терінің мұнай кен орындары орналасқан.
2010 жылдың 1 қаңтарына өндірілген ет 5,0 мың тонна (тірі салмақта) , сиыр сүті - 4,4 мың тонна, жұмыртқа – 165 мың дана өндірілді. 2010 жылдың 1 қаңтарына аудандағы мүйізді ірі қара саны - 12,8 мың бас, қой мен ешкі 51,2 мың бас, жылқы – 8,4 мың.бас, түйе – 6,9 мың бас.

 

    Аудан халқының саны 25380, оның 12690-ы экономикалық белсенді халық болып есептеледі. Ресми жұмыссыздық деңгейі – 0,9 пайыз.

   Аудандық білім беру саласында 14 мектепте 4765 оқушы оқып, 8 балабақшада 820 бала тәрбиеленуде. Денсаулық саласында аудандық орталық аурухана, емхана, 5 медпункт жұмыс жасайды. Мәдениет саласында 3 селолық мәдениет үйі, 6 клуб, 3 автоклуб, және 18 кітапхана қызмет жасайды. Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 2 дзю-до күресінен Әлем біріншілігінің Күміс жүлдегері, 115 спорт шеберлері мен 1 және 2-ші дәрежелі спортшылар түрлі дәрежедегі спорттық сайыстарда аудан намысын қорғап келеді. 38 спорт секциясы тұрақты жұмыс жасайды.

    2009 жыл қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру 1159,6 мың тонна болса, ілеспе газ өндіру көлемі 20,1 млн.м/куб. болды. 874 шағын кәсіпкерлік нысанында 1370 адам жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2

 




    


    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.

 

 

 

 

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі

   Алтын күн аспаны,
   Алтын дән даласы,
   Ерліктің дастаны,
   Еліме қарашы!
   Ежелден ер деген,
   Даңкымыз шықты ғой.
   Намысын бермеген,
   Қазағым мықты ғой!
                                                  Қайырмасы:
                                                  Менің елім, менің елім,
                                                  Гүлің болып егілемін,
                                                  Жырың болып төгілемін, елім!
                                                  Туған жерім менің - Қазақстаным!
                                                  Ұрпаққа жол ашқан,
                                                  Кең байтақ жерім бар.
                                                  Бірлігі жарасқан,
                                                  Тәуелсіз елім бар.
                                                  Қарсы алған уақытты,
                                                  Мәңгілік досындай.
                                                  Біздің ел бақытты,
                                                  Біздің ел осындай!
                                                  Қайырмасы:
                                                  Менің елім, менің елім,
                                                  Гүлің болып егілемін,
                                                  Жырың болып төгілемін, елім!
                                                  Туған жерім менің - Қазақстаным!